PRESENTATION OUTLINE
Менеджмент термині ағылшын тілінде «menegement» қазақша «басқару» дегенді білдіреді. Банк саласында менеджмент ұғымы банктің қызметін басқаруды сипаттайды.
Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Менеджмент термині ағылшын тілінде «menegement» қазақша
«басқару» дегенді білдіреді. Банк саласында менеджмент ұғымы банктің
қызметін басқаруды сипаттайды.
Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады.
Банктік менеджмент — бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.
Менеджмент — ұйымдастыру мен басқарудың неғұрлым тиімді жүйесі туралы ғылым.
Банктік менеджмент — клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.
Банк менеджментін талдау - банк қызметін қол жеткізген нақты нəтижелерін болжанғандарымен, сондай-ақ өткен мерзімдердегі көрсеткіштермен салыстыру негізінде бағалауды білдіреді. Талдау қорытындылары банктің дамуының оң жəне теріс жақтарын, шығындарын, пайдаланбаған резервтерін, жоспарлаудағы кемшіліктер мен шешім қабылдаудағы сəтсіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Банк менеджментінің сапасын бағалау
Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек қана теріс ішкі жəне сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мəселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сəйкестігіне қатысты мəселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде САМЕL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пайдаланатыны белгілі.
Банк менеджменті санаттары:
- - сандық жəне сапалық (соның ішінде əлеуметтік);
- объективті жəне субъективті;
- формалдық жəне формалды емес.
Банк қызметін стратегиялық жəне ағымдағы жоспарлау
Банк қызметіне қатысты, стратегия сөзі бұл бəсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банктің ресурстарының орналасу аясы мен қызметінің нысанын анықтайтын ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы. Ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасының негізіне банктің
мақсаты жатады. Кез келген коммерциялық ұйымның басты мақсаты пайда табу болса, коммерциялық банктерде сондай мақсатты көздейді.
Басқару теориясы менеджментінің қызметтері:
- - мақсатын белгілеу;
- болжау жəне жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- иелену;
- координациялау;
- мониторинг жəне бақылау.
Банктің стратегиясы - банкті өзге бəсекелес банктерден ерекшелендіретін жəне банк қызметінің басымдық мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тұжырымдамасы.
Стратегиялық жоспарлау - нарықтың талаптары мен банктің ішкі мүмкіндіктерімен келісілген банктің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін банкті басқаруды (маркетинг, ресурстар мен тəуекелді басқару жəне банк қызметкерлерін ұйымдастыру саласында) ұйымдастырудың баламалы стратегиясын жасау процессін білдіреді.
Ішкі бақылау банк менеджментінің құралы
Банктік ішкі бақылау – банктің өзінің активтерін қорғау, басқарушылықы саясатын сақтау, бухгалтерлік жəне қаржылық есептердің шынайылығын тексеру, банк жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шараларды ұйымдастыру
жəне үйлестіру əдістерінің жүйесін білдіреді.
Банк қызметкерлерін басқару
Банк қызметкерлерін басқару ерекшелігі банк ісінің өзіндік ерекшелігімен жəне ең бастысы банктік қызметкерлердің банктің əр түрлі қызметтерін жүзеге асыруға қажетті кəсіби білімдері мен тəжірибиелерінің болуымен сипатталады. Банктің ұйымдастырылу құрылымына қарай банк қызметкерлерінің қызметі анықталады. Мысалы, бухгалтер-кассир,
бухгалтер, шот-менеджері, несиелік эксперт, тəуелсіз бағалаушы, тəуекел- менеджері , заңгер-кеңесші жəне т.б.
Банкте қызметкерлерді басқару үшін кадр қызметі құрылады. Оның міндеттері мынадай:
- қызметкерлерді басқарумен байланысты мəселелерді шешу, соның ішінде кадрларды алу, оқуды ұйымдастыру, еңбекке қатысты даулар
мен қақтығыстарды шешу, ұжымда қолайлы жағдайды жасау жəне т.б.;
- банктің стратегиялық даму жоспарына сəйкес банк қызметкерлерінің даму бағдарламасын жəне кадр саясатын жасау.
Ішкі бақылаудың негізгі міндеті – банк қызметіндегі тəуекелдерді азайтып, банктің тұрақтылығы мен сенімділігінің жоспарланған деңгейіне қол жеткізу болып табылады.